Дошкольные организации города Караганды

КМҚК « Нәзік» б/б


РУС 
Главная почта Контакты



ҚӘЗ Фотогалерея 

КМҚК «Нәзік»балабақшасы туралы ақпараттық мәлімет Қарағанды қаласының әкімшілігі Қарағанды қаласының білім беру бөлімі.

          Мектепке дейінгі білім беру мекемесі «Нәзік» балабақшасы 2002 жылдың 2 сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Балабақша қалыпты ғимаратта орналасқан мекен- жайы: Жеңіс 107 «а» көшесі, балабақшаның телефоны 93-15-75
         Балабақшаның жобалық қуаттылығы 125 бала, 5 топ жұмыс жасайды.
         Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: №13126 – 1930 ГП.
         Мемлекеттік лицензия : № 0040351. АБ 12№01№2007ж.
         КМҚК «Нәзік» б/б материалдық – техникалық базасының жағдайы педагогикалық талаптарға, санитарлық нормаларға, қазіргі білім беру деңгейіне сай.
         Топтарда: экологиялық орталық, бейнестудия, дене тәрбиесі және музыкалық, тілдік орталықтар құрылған. Берілген компоненттер балалар шығармашылығының бірнеше түрін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
         Балабақшада балаларды мектепке дайындап, өз алдына өмір сүруге үйретеді. Басқарудың барлық функциялары (жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, талдау, т.с.с ) МДМ жұмыс мазмұнының әртүрлі өзгерістерімен дәйектемеленген, және оптималды нәтижеге жету үшін бағытталған.
         Балаларды оқыту мен тәрбиелеу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы . Білім беру Стандартына сәйкес құрылып, өткізіледі.
         Қазақстан Республиканың заңы «Қазақстан Республикасында тілдер туралы» заңының 3 бөлімі, 16 бабы, 3 бөлімі 23 бабына негізделіп 11.07.1997ж. № 151 – 1 өзгерістермен және толықтыруларымен 20.12.2004ж. № 13 – III еңгізілген.
         Балабақша «Балбөбек» бағдарламасы бойынша жұмыс істейді:
         Педагогикалық ұжым инновациялармен белсенді жұмыс жасауда: жаңа технологияларды құрып, еңгізу. Мысалы: мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудың аралас тәсілі, б/б жобалық – зерттеу шығармашылығы, т.с.с.
         Балабақшада интеграцияның үрдістерін жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді: МДМ жұмыстарын жоспарлау варианттары интеграциялық таянуды есепке алып отырып құрылған.
         2002-2007ж. балабақшада орыс топтарында қазақ тілін меңгертудің бір қатар жобалары іске асқан.
         • Ұлттық қозғалмалы ойындардың тиімділіқ жолдарының көтерілуі.
         • Балабақша өміріндегі қазақтың ұлттық колориті.
         • Баланың дамуы үшін тілдің маңызы.
         • Мектепке дейінгі жастағы балалардың байланыс тілдері дамуы үшін қазақ жазушыларының көркем әдебиеттерінің әсері.
         • Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ойын барысында қолдану.
         • ҚМТҚ сабақтарында қазақ тілін қолданып, тілдерін дамыту.
         • Туып өскен өлкеңді таны да құрметте.
         • Әрбір ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы балалардың интернационалды тәрбиесінің қажетті құралы.
         Ең бір жетістікке жеткен жобалардың бірі «МДМ шағын мұражайлар» жобасы болып табылады.
         Балабақшамызда қәзіргі уақытта мұражайлық комплекс құрылған: «Ермек-ойыншықтар», «Кітаптар әлемі», «Шеберлер қаласы», «Қазақстанның өсімдіктер және жануарлар әлемі», «Суретшілердің шеберханасы», Спортшылар», «Әлем балаларының достығы».
         Әрбір шағын мұражай тәрбиешілердің балалармен, олардың отбасымен бірігіп жұмыс жасау нәтижесінде құрылған.
         2003-2006 жылдар аралығында балабақша базасында:
         • Балабақша жағдайына үйрену үшін «Тілді үйренеміз» блогынан сабақ конспектілері құрылған.
         • Қазақ тілін меңгеру үшін перспективалық жоспарлар құрылған.
         • Шығармашылықтың әрбір бағыты бойынша педагогикалық ұжымның қазақ тілін меңгеруден маниторинг жүйесі құрылған (ойын, музыкалық бейнелеу шығармашылығы).
         • Әдебиеттік, дидактикалық, музыкалық, иллюстрациялық құралдар жинақталып жүйеленген.
         • Қазақ тілін меңгеру үшін арнайы дидактикалық құралдар жасалған.
         • Баспасөзге басылу үшін құралдар жинақталған.
         Балабақшаның педагогтары жоғары және орта деңгейдегі санаттардың мамандары.

 

© 2008 Использование информации, размещенной на сайте, допускается только с письменного разрешения владельца сайта.
WS Разработка и поддержка сайтов - Webstyle